Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тікұшақ апаты орын алды

Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне бойынша 9 қараша күні сағат 11:40 шамасында Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыарқа ауылының маңында Ми-8 тікұшағының қатты қарқынмен қонғаны туралы 112 нөміріне хабарлама түсті, - деп хабарлайды  Newsroom.kz.  Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе кемесі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне тиесілі және Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатқа ұшыраған.

Оқиға орнына шұғыл түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілген. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары апат орнына жеткен бойда өртті жойып, қауіпсіздік шараларын қолға алған.

Тікұшақтың бортында болған үш экипаж мүшесінің бірі қаза тауып, екеуі жарақат алды. Зардап шеккен екі адам ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен Ақтөбе қаласына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, авиациялық оқиғаның себебі техникалық ақаулықтан болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.