Ресей Қазақстанда АЭС салу бойынша өз ұсыныстарын жасады – Сергей Лавров
Ресей Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өз ұсыныстарын жасады. Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Ресей өз ұсыныстарын айтып қана қойған жоқ, біз президент Тоқаевтың Қазақстанда өткізген референдумын қадағалап, оның ядролық энергетиканы дамыту жөніндегі жоспарларына қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл мәселені қазақстандық достарымызбен шешеміз, біз басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және құрылымдарымен ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді ол Қазақстандағы келіссөздер қорытындысы бойынша.
Сондай-ақ Сергей Лавров Ресейдің «басқа мемлекеттердің тиісті мекемелерімен және құрылымдарымен ынтымақтасуға» дайын екеніне назар аударды.
Айта кетелік, 27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді.