Жаңалықтар

Қазақстанда 700 мыңнан аса адамның мүгедектігі бар

Қан айналым жүйесі ауруларына 106,9 мың адам шалдыққан

Мәліметтер бойынша, Қазақстанда жалпы ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 732 мың адамды құрайды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оның ішінде еңбекке жарамды 418,7 мың  адам болса, зейнет жасында 201,1 мың  адам. Сондай-ақ, 112,3 мың 18 жасқа дейінгі балалар. 

Нозологиялық құрылымға келер болсақ, ересек тұрғындар  арасында 111,7 мың адамның психикалық ауытқулары бар. Сондай-ақ, қан айналым жүйесі ауруларына 106,9 мың адам шалдыққан.

Мәліметтерге сүйенсек, Балалар арасында 29,9 мың бала жүйке жүйесінің ауруларына шалдыққан көрінеді. Туа біткен даму ақауларымен 28,2 мың бала күресуде және психикалық бұзылуларға 25,2 мың бала шалдыққан. 

Айта кетелік, мүгедектігі бар адамдардың санының өсу болжамы бойынша,  2000 жылы жалпы саны 383 мың адамды құраған. Оның ішінде 49 мың балалар.

2023 жылы жалпы саны – 725 мың адам ерекше қажеттіліктер бар жандардың қатарында, балалар саны 109 мыңды құрайды.

Ақпаратқа сүйенсек, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 5,9 мың адам, жастар практикасына – 505 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 654 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,9 мың адам, "Күміс жас" жобасы бойынша – 828 адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша – 183 адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша – 6 адам жұмысқа орналастырылды.