Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.