Карантинге байланысты елімізден көшіп кететіндер саны азайған
NewsRoom
Карантинге байланысты елімізден көшіп кететіндер саны азайған
2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстаннан 7,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 12,1% төмен.
Бұл туралы finprom.kz зерттеу орталығы мәлімдеді.
Зерттеу орталығының мәліметінше, көшіп кетушілер санының азаюына COVID-19 инфекциясының таралуы себеп болған. Алайда Қазақстанға өзге елден көшіп келушілер саны өткен жылғымен салыстырғанда 34,4% артып, 4,3 мың адамды құраған.
2019 жылы елімізден 45,2 мың адам көшіп кеткен, келгендер саны 12,3 мың.
Осы жылдың үш айында көшіп кеткендердің 72,9% жұмысқа қабілетті адамдар. Яғни 16-дан зейнеттік жасқа дейінгілер саны 5,4 мың. Ал 1,7 мыңы 15 жастан төмен, зейнеттік жастан асқандар саны – 326 адам.