АҚШ-тағы сайлау: Алғашқы нәтижелері жарияланды
41 штат пен Вашингтонда, Колумбия округінде сайлау аяқталды
«Exitpool Edison Research» есептеуінше Харриске 48%, Трампқа 44% электорат дауыс берген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Десе де АҚШ-тағы сайлаудың бір ерекшелігі – халықтың дауысын көп жинағанымен, арнайы сайлаушылардың дауысы шешуші рөл атқарады.
Айта кетелік, мәліметтер бойынша, осы уақытқа дейін 84 миллионнан астам америкалық өз таңдауын жасап үлгерді.
Мәліметтер бойынша, 41 штат пен Вашингтонда, Колумбия округінде сайлау аяқталды. Трампта 162 сайлаушылар алқасының дауысы, ал Харристің 81 дауысы бар, бірақ екеуінің де жеңіске жету жолдары әлі де ашық күйінде қалуда. Президенттікке үміткер болу үшін 270 сайлаушылар алқасының дауысын жинау керек.
Decision Desk болжамдарына сәйкес, Трамп Солтүстік Каролинада жеңіске жетеді деп күтілуде, алайда басқа ақпарат агенттіктері мен Edison әлі сайлаудың ресми нәтижелерін жариялаған жоқ. Edison деректеріне сәйкес, Джорджияда Трамп 52,3% дауыспен Харристен алда тұр (47,1%), дауыстардың 77%-ы саналып үлгерген.