Жаңалықтар

СҚО-да балалар суицидке итермелейтін ойындар ойнаған

Балаларға психологиялық көмек көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда балалардың суицидке итермелейтін ойындар ойнағаны белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Облыстық прокуратура «Telegram» мессенджерінің мониторингімен балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контентті анықтады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы бұл топтарға кіру бұғатталды.

«Аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмалар орындаған екі жасөспірім анықталды. Заңды өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілді, балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды»,-делінген хабарламада.

Петропавловск.kz сайтының мәлімдеуінше, прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар мен психологиялық қызметтердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін осы мәселе бойынша практикалық шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың қазан айында облыс әкімдігінің алаңында ауқымды тәжірибелік семинар өтті.

Осыдан кейін қадағалау органының ұсынысы бойынша мектеп әкімшілігі жалпы ата-аналар жиналысын өткізіп, онда жасөспірімдерді тәрбиелеу бойынша әдістемелік құралдар және тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу үшін балалардың смартфондарына бақылау орнату талаптары заңды өкілдерге жеткізілді. Тәуекел тобындағы балаларды анықтау мақсатында прокуратураның тапсырмасы бойынша сұрау және психологиялық тренингтер жалғасуда.