Жаңалықтар

Жамбыл облысында қант қызылшасын тасымалдау қиын ба?

Қазіргі таңда баға өте шарықтап кеткен

«СПК жеті-төбе» ШҚ басшысы Нұржігітова Гүлханыспен Жамбыл облысындағы қант қызылшасы өнімі жайлы Newsroom.kz сайтының тілшісі сұхбаттасты.

- Қант қызылшасы бойынша биыл рекорд орнаттық деп жатырмыз. Келісесіз бе? Өзіңіз қанша өнім алдыңыз?

- Әрине келісеміз. Неше жылдан бергі ең бірінші рекорд болып жатыр. Екі емес тіпті үш есе артығынан беріп жатыр. Алайда қазіргі уақытта тасымалдау қиынға соғуда. Жамбыл облысында тек бір ғана зауыт болғандықтан тасымалдау өте қиын. Зауыт қазір істеп тұрған жоқ. Қазір демалып тұр. Біз қызылшаның барлығын жинастырып жатырмыз.

-  Техника жеткілікті ме? Қандай мәселелер туындап жатыр қазір?

- Техникалар бар. Мен техника жалдап жатқан жоқпын. Себебі, мемлекеттен алған өзіміздің трактор мен комбайндар бар. Қазіргі мәселе Біріншіден зауытқа өткіздіру. Екіншіден, тасымалдау. Қазіргі таңда баға өте шарықтап кеткен. Бастапқыда 6 теңге еді, қазіргі уақытта 9-10 тг деп тұр. Шаруаларға өте қиын жыл болды.

Айта кетелік, егін жинау науқанының қорытындылары  премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылы қант қызылшасының рекордтық өнімі күтілуде екенін мәлімдеді.

«Биыл қант қызылшасының рекордтық өнімі күтіледі. Қант қызылшасының 10 мың гектары немесе 40%-ы жиналып, өнімділік 540 ц/га құрады, барлығы 549 мың тонна жиналды. Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері жаңа өнімді қант зауыттарына жеткізу мәселесін қарастырып, әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісінің жинау кестесіне сәйкес қызылшаны қабылдау кестесін жасағанын атап өту керек. Бүгінгі күні өңдеуге 432 мың тонна қант қызылшасы жеткізілді», — деді спикер.