Медицина

Қазақстан мен Orhun Medical ракты емдеу орталықтарын іске қосуға кірісті

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұрады.

Бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Orhun Medical» (Түркия) компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу мен диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«Жабдықталған орталықтардың ашылуы онкологиямен ауыратын науқастарға шетелге шықпай-ақ, ел ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары тиімді диагностика мен қауіпсіз ем алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың көмегімен обырды дұрыс және уақтылы емдеу аурудың анықталуын жақсартуға, өмір сүрудің бес жылдық шегі бар пациенттердің үлесін арттыруға, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қол қою барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Келісімнің шеңберінде Алматы қаласында ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ үшін талап етілетін радиофармпрепараттарды өндіру үшін ғимарат салу және арнайы жабдықпен - циклотронды кешенмен жарақтандыру көзделген.

Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томографияның жаңа орталықтары құрылатын болады.

Алматы қаласында қатерлі ісіктерді диагностикалау мен терапияның прогрессивті кешенді әдістерін енгізу үшін бір фотондық-эмиссиялық томографиямен және компьютерлік томографиямен ұштастыра отырып радиоизотоптық препараттар қолданылатын Тераностика орталығын ашу жоспарлануда.

ПЭТ/КТ зерттеуі КТ, МРТ және ультрадыбыспен анықтау қиын онкологиялық ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға, аурудың күрделілік дәрежесін, оның ағзада таралуын анықтауға және дұрыс емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұрады. ҚР-да онкологиядан өлім көш бастап тұр және үшінші орында.

Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама онкологиялық қызметті елеулі техникалық қайта жарақтандыруды көздейді, ал бұл қолда бар диагностикалық жабдықты жаңғырту, жаңа желілік үдеткіштерді орнатудың және ескірген аппараттарды ауыстырудың есебінен сәулелік емдеуді кеңейту және жетілдіру, сондай-ақ ядролық медицина орталықтарын ұйымдастыру; аз инвазивті хирургияны және емдеудің интервенциялық әдістерін дамыту, жеке терапияны таңдау, ісікке қарсы жаңа дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру, заманауи онкологиялық орталықтар құру, жаңа буын кадрларын даярлау және т. б. мақсатында толық геномдық бейіндеуді енгізу.