Жанар Айжанованың қызы Исландияда “иә” депті
Ол өзінің қалыңдық атанғанын айтып, қуанышымен бөліскен
Жанар Айжанованың жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі ұсыныс жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы Жанар Айжанованың қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ол өзінің қалыңдық атанғанын айтып, қуанышымен бөліскен.
"Ол иә деді"- деп жазылған Айжұлдыз Адайбекованың парақшасында.
Айта кетелік, Айжұлдыз Адайбековаға сүйіктісі Исландия елінде ұсыныс жасаған көрінеді.
Сондай-ақ, желі қолданушылары оларды қолдап, жазба қалдырды.
"Нұрғазы, жарайсың, бақытты бол", "Тойға баратын болдық", "Құтты берекелі болсын", - деп жазды желі қолданушылары.