Sportroom

Перуде футбол матчында екі ойыншыны найзағай соқты

39 жастағы Хосе Уго де ла Крус Меза қаза тапты

Оқиға 3 қараша күні "Хувентуд Беллависта" командасының "Фамилия Чоккамен" кездесуінде болған. Төреші матчтың 22-минутында кенеттен соққан найзағай салдарынан ойынды тоқтатты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ойыншылар киім ауыстыратын бөлмеге кетіп бара жатқанда, екеуіне найзағай түскен. 39 жастағы Хосе Уго де ла Крус Меза қаза тапты. Ал 42 жастағы Хуан Чокта Льякта жарақат алып, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Айта кетелік, стадиондағы найзағайдан тағы үш футболшы жарақат алды. Олардың ең кішісі 16 жаста. Қазір дәрігердің бақылауында.