Сүйінші: коронавирустың емі табылды

17 Наурыз, 2020 25411 0

Аустралия ғалымдары COVID-19 коронавирусына қарсы ем табылды деп мәлімдеді. Квинсленд университеті Клиникалық зерттеу орталығының зерттеушілері сынақтан өткізу барысында бірден екі вакцинаның тиімділігін көрсеткендігін айтады. Оның біріншісі АҚТҚ-мен күресте пайдаланатын дәрілік зат болса, екіншісі безгекке қарсы хлорохин деп хабарлайды Daily Mail. 

Ғалымдар таяуда осы екі препарат арқылы клиникалық сынақ жасалатындығын мәлімдеді. Бұл дәрілік заттар COVID-19 вирусымен күресте тиімділігін көрсеткен әрі бірнеше науқаста нәтижесін берген. ВИЧ препаратымен емделген науқастардың алғашқы толқыны емді жақсы қабылдаған. Ал жаппай зерттеулер наурыз айының аяғына жоспарланып отыр. Ғалымдар жоғарыда аталған препараттардың коронавирусты жеңуде әмбебап болатындығына сенім білдіруде. 

АЛМАТЫ

Дереккөз: egemen.kz




Тегтер: коронавирус, аустралия, жаңалықтар, әлем, университет, қоғам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.