Шымкентте 52 жастағы әйел балконнан секіріп кете жаздады
Қызметкер автокөлік сатысымен көтеріліп, төртінші қабаттағы балкон қоршауында тұрып
Шымкентте 52 жастағы әйел бесінші қабаттағы балконнан секіріп кете жаздаған. Әйелмен сөйлесуге тырысқан. Алайда ол сөйлесуден мүлде бас тартқасын өрт сөндірушілер кіреберіс арқылы пәтерге жүгірген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, осы уақытта бесінші өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Талипов Алпамыс әйелге көмек көрсетті. Ол сол күні демалыста болған жақын жерде тұрған.
Айта кетелік, қызметкер автокөлік сатысымен көтеріліп, төртінші қабаттағы балкон қоршауында тұрып, әріптестері келгенше әйелді төменнен ұстап тұрған.