Жаңалықтар

Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ

Бүгін сағат 03.45 шамасында Шұбаркөл станциясының «Шұбаркөл Көмір» АҚ жеке кірме жолында 3 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметке сүйенсек, құрамды жеке компанияның локомотив бригадасы басқарған. Локомотив жеке тасымалдаушыға тиесілі.

Айта кетелік, оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.