Жақында Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады
Жыл сайын ондағы жәдігерлерді тамашалауға 300 мыңдай адам келеді
Қазақстанның ұлттық музейі 6 қарашада Франция астанасында көпшілік назарына төртмыңжылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек кездесетін жәдігерлерді ұсынады. Қазір Париждегі іс-шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz Телеканал 24kz арнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, іс-шара еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігімен Қазақстанның Франциядағы елшілігінің көмегімен ұйымдастырылып отыр.
Жалпы музейі Азия өнерінің жинағы бойынша, Еуропадағы ең ірісі саналады. Жыл сайын ондағы жәдігерлерді тамашалауға 300 мыңдай адам келеді.