Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты жаңа дерек шықты
2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлінген
2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен берілген. Бұл туралы Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметке сүйенсек, Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.
Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалануға ғана берілуі мүмкін.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласының прокуратурасымен «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС-і мен «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» ММ-не мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап арыз өндіріске қабылданды.
Мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жер заңнамасының міндеттерінің бірі болып табылатындықтан, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің барлық нормаларын сақтау қажет деп санаймыз"- деп мәлімдеді Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті.