Ақша жоқ! Енді жаңа жылдық сыйақы болмайды
Егер мемлекеттік органдар қаржыны үнемдеген болса, оны сыйлықақыларға аудара алмайды
Бүгін мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Тәкиев бұдан былай бюджет қаражатын үнемдеген мемлекеттік органдар ақшаны сыйлықақыға аудара алмайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
"Мұны көптен бері айтқым келіп жүр еді. Біз қаржы мекемесі атынан Қаржы министрлігіне шоттағы қаражатты сыйлықақыға аударуға тыйым салдық. Егер мемлекеттік органдар қаржыны үнемдеген болса, оны сыйлықақыларға аудара алмайды. Ол қаражат бюджетке қайтарылады", - деді қаржы министрлігінің басшысы.
Ол сыйлықақы аудару тура мағынасында жабылғанын атап өтті. "Ешқандай сыйлықақы болмайды, біз 112-кодты жаптық, сол арқылы ақшаны сыйлықақыға жіберіп, сол жерден алуға болатын", - деді Мәди Тәкиев.
Айта кетелік, ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 сағат жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерды ынталандыру керек екенін айтқан болатын.
Ал тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар жыл сайын қанша сыйлықақы алатынын айтты.