«Air Astana» әуе компаниясы 5 000 000 теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді
Әуежайында жалғыз қалып қойған 12 жасар Зереге 5 000 000 теңге моральдық өтемақы төленеді
Сот шешімі бойынша, әуе компаниясы Зеренің анасына 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды newsroom.kz. Бқл туралы депутат Мұрат Әбенов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Еске сала кетсек осы жазда, 21 шілдеде Зере және оның сыңары Астана – Орал бағыты бойынша ата-аналарының қасына ұшып бармақ болатын. Алайда, FlyArystan компаниясы ұшақтың сыйымдылығы 188 орындық үлгіден 180 орындыққа ауыстырылғандықтан, Зере 181-ші жолаушы болып, ұшаққа кіргізілмей қалған жалғыз адам болды. Орын жетіспегендіктен, бұған дейінгі рейстерге міне алмаған ересек жолаушылар Зеренің орнына ұшаққа отырғызылды.
Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, кәмелетке толмаған жолаушылардың құқықтарын қорғауға байланысты маңызды мәселелерді көтерді. Зере рейске жіберілмей, сағат 13:40 пен 15:00 аралығында тіркеу аймағында жалғыз қалған еді. Бала екі ауыр чемоданның жанында бөтен адамдардың ортасында қалып, не істеу керектігін білмеген. Анасы телефон арқылы байланыс ұстап, Зерені жақын маңдағы полиция бөліміне жіберуге мәжбүр болды.
Зеренің адвокаты Данильхан Шагатаев және оның анасы овербукингтің орын алғанын дәлелдеу біршама жүгірген болатын. Алғашында олардың талаптары ескерусіз қалса да, жағдай қоғамдық талқыға кейін ғана назарға алынды. Адвокаттың айтуынша, бұл оқиға бірінші рет орын алмағандықтан, қоғамның осындай жайттарға көңіл бөлуі үшін соңына дейін күресуге шешім қабылдаған.
Бұл жағдайдың нәтижесінде Парламентте әуе компанияларының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған заң жобалары енгізілуде. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Біз қазір Парламентте әуе компанияларының тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрынғы заңдар негізінен тасымалдаушыларға жеңілдіктер беруге бағытталған еді, ал тұтынушылардың құқықтары жеткілікті деңгейде қорғалмаған. Эйр Астананы қолдаушылардың көп болғанына қарамастан, олар үшін арнайы жағдайларды қайтаруға тырысуда», - деп жазды Мұрат Әбенов.