Әйелін сабаған әкімнің жазасы жеңілдеді ме?
Ринат Ибрагимовтың өзі тағылған айып жала екенін айтты
Атырауда сот бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты үкімді қайта қарады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Мамыр айында Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелі аяусыз соққыға жығылғаны анықталған болатын. Ақмарал Үмбетқалиеваның айтуынша, ер адам оны балаларының көзінше 11 жыл некеде қинаған. Ринат Ибрагимовтың өзі тағылған айып жала екенін айтты. Маусым айында ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.
Соттың баспасөз қызметі іс апелляциялық сотқа екі тараптың арыз-шағымы, сондай-ақ прокурордың ұсынысы бойынша жіберілгенін айтты.
Жәбірленушінің сотталушыға қаржылық тәуелділігі туралы дәлелдер келтірілмеді, жәбірленуші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырды, оның шотына ақша аударылды, - деп түсіндірді сот.
Сондықтан Ринат Ибрагимовтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 107-бабының «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» екінші бөлігінен бірінші бөлігіне қайта сараланды. Мәлімет бойынша, бұрынғы әкімге 700 АЕК көлемінде айыппұл салынды.