Taraz және Liwa танкерлері 730 мыңнан аса тонна мұнай тасымалдаған
Су көліктері Каспий теңізінде Ақтау — Махачкала — Ақтау бағытында қатынайды
Taraz және Liwa танкерлері 2023 жылдың желтоқсанынан бастап Ақтау портынан Махачкалаға дейін 113 рет толық сапар жасап, 730 мыңнан астам тонна мұнай тасымалдады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазМұнайГазға сілтеме жасап.
Қазіргі кезде Taraz және Liwa су көліктері Каспий теңізінде Ақтау — Махачкала — Ақтау бағытында қатынайды.
Taraz және Liwa мұнай құю танкерлері ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group-тың бірлескен кәсіпорны Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd иелігінде.