Ақтауда ер адамның туыстары ауруханада суицид жасамақ болғанын жоққа шығарды
Дәрігерлер ер адамға микроинсульт деген диагноз қойған
Науқастың жақындары оның үш күн бұрын жұмыстан ерте келіп, басы ауырғанын айтқан дейді. Оның үстіне туыстарының атын атай алмағандықтан, жедел жәрдем шақырыпты. Анықталғандай дәрігерлер ер адамға микроинсульт деген диагноз қойған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Қызының сөзінше, ер адамның миының сол бөлігі қызметін тоқтатқандықтан, не істегенін өзі білмеген. Оның үстіне анасына әкесінің жанында болуға рұқсат бермей, ерте шығарып жіберген. Ер адам жанында ешкім болмаған соң, терезені есік екен деп кетіп қалғысы келген.
Сондай-ақ, науқастың туыстары палатада неге бірде-бір қызметкердің болмағанына таңданады. Тіпті дәрігерлер бірінші күні-ақ мұндай науқастың керек емесін айтып, алып кетіңдер деген.
«Бұл істі жылы жабу үшін бізді кінәлап отыр. Желіде тараған видео жағдайды ушықтырып жіберді. Түнде дұрыс ұйықтай алмаймыз. Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Біз – үлгілі отбасымыз, тағылған айыптар өтірік», - деп қосты ол.