“2 млрд теңге шығын”: Жануарлардың дериваттарын тасымалдағандар ұсталды
ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды
«Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.
Мәліметтер бойынша, материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.