Жаңалықтар

Еліміздегі ірі қалаларда бүгін ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 26 қазан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қара бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,5 м/с болады.

Шымкентте бүгін сылбыр жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 10,6 м/с деңгейінде болмақ.