Жаңалықтар

"Әлем аруы" байқауына еліміздің атынан 24 жастағы ару қатысады

Қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берді

"Әлем аруы" халықаралық байқауына Қазақстан атынан 24 жастағы Мадина Әлмұханова қатысады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мексикада өтетін байқауда аруға қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берді.

Ал әлеуметтік тақырып ретінде ару әлем алдында Салтанат Нүкенованың оқиғасын мысал етіп, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғамақ.

Айта кетелік Мадина Әлмұханова 28 қазанда Мексикаға аттанады. 1 қазаннан 6 қазанға дейін бізде байқауға дайындық жұмыстарына қатысады.