Жаңалықтар

Талғардағы изоляторден қашқан қашқын ұсталды

Қамаудан қашқан үшін қосымша айып тағылды

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды, – деп хабарлайды newsroom.kz.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар қатысқан.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді.