Дəрігерлер бір сағатта операциясыз арықтаудың əдісін ойлап тапты

16 Наурыз, 2020 208 0

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады, деп мəлімдейді newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Лондондағы Zenith Cosmetic клиникасының қожайыны, дəрігер Динеш Майни (Dinesh Maini) бір сағатта ота жасамай-ақ артық салмақтан құтылуға мүмкіндік беретін Bodytite əдісімен таныстырды. Аталған жылу терапиясы кезінде денедегі май клеткалары ақырындап еріп, арнайы түтікшенің көмегімен денеден шығарылады.

Дәрігердің айтуынша, денедегі артық салмақтан арылта отырып, тері созылуын болдырмайтын қызмет 3,3 мың фунт стерлингтен (1 762 мың теңге) басталады. Ал нақты бағасы дененің қай бөлігіне жəне қанша арнайы құралдың пайдаланылатына байланысты.

«Процедура алдымен анастезия жасаумен жүргізіледі. Сондықтан пациентте ешқандай ауырсыну сезімі болмайды. Егер салауатты өмір салтын ұстанбасаңыз артық салмақ қайта оралуы мүмкін. Дегенмен бұндай процесс жиі кездесті», - дейді Майни. 

Тегтер: Арықтаужолы, ДенишМайни, Bodytite, Жаңалықтар,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.