Білім

Елімізде Гази университетінің филиалы ашылады

23 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркия Жоғары білім кеңесінің президенті Эрол Озвармен онлайн кездесу өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Кездесу барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Гази университетінің филиалын ашуға қатысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркияның жоғары білім кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

2022 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ұзақ және сындарлы келіссөздердің нәтижесінде тараптар болашақ филиалда оқытылатын білім беру бағдарламаларын анықтады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Гази университетінің филиалының ашылуы екі елдің академиялық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.