Әскер

Тарихи келісім: Қазақстанда түріктің камикадзе-дрондары жасалады

Қазақстанда тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен барраждаушы оқ-дәрілер (камикадзе-дрондар) өндірісі жолға қойылады. Бұл келісім 2024 жылғы Стамбулда өткен IV Халықаралық қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесі (SAHA EXPO-2024) барысында жасалды.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрактармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар тактикалық дрондар мен барраждаушы оқ-дәрілерді Қазақстанда өндіру бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді.

Сонымен қатар, Жақсылықов Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халук Гергүнмен кездесті. Қазақстанда өндіріс жолға қойылғаннан кейін, бұл жоба екі ел арасындағы қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты нығайта түседі деп күтілуде.

Бұл қадам Қазақстанның қорғаныс әлеуетін күшейтіп, елдің әскери-техникалық саладағы мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған маңызды бастама.