Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталды

Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады

Фото: Telegram/ Атырау мұнай өңдеу зауыты

Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛТҚ-АВҚ-3, бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы, нафтаны селективті гидрогенизациялау және нафтаны гидротазарту қондырғылары белгіленген мерзімінен бұрын іске қосылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы өңдеуге арналған ЭЛТҚ-АҚ-2 қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары, ал каталитикалық крекинг, сұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру және бутендерді олигомеризациялау қондырыларында іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде. Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады.

Айта кетелік, бүгінгі таңда тауарлық дизель отыны жөнелтіліп, АИ-92 маркалы автобензині жөнелтуге дайындалуда.

Жүктелуде...