Қылмыс

Алматыда жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасы анықталды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды newsroom.kz

– Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым килограмнан асатын “aльфа-pvp” синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді. Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын “синтетика” тәркіленді. Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.


 

Айта кетелік, жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойылды. Заңсыз айналымнан жарты тонна “синтетика” тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Аталмыш факт бойынша күдікті мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді спикер.