Алматыда мешіттер 30 мамырдан бастап жұмыс істей бастайды
Алматыда мешіттер 30 мамырдан бастап жұмыс істей бастайды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төтенше жағдайдан кейін қаладағы діни нысандардың қызметіне енгізілген шектеулерді алып тастау тәртібі туралы № 32 қаулысына сәйкес, діни ұйымдар арнайы нұсқаулықтар негізінде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық талаптарға сәйкес қатаң түрде биылғы жылдың 30 мамырында өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі zakon.kz. сілтеме жасап.
Бірақ мешітте жамағатпен намаз (бес уақыт намаз, жұма намазы) оқылмайды, тек 1,5 метр қашықтықта жеке намаз оқуға рұқсат етіледі.
Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған діни қызметкерлер жамағатты COVID-19 карантині кезінде діни орындардың қызметі туралы нұсқаулықтарға баса назар аударуға және мешіттерде енгізілген барлық талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Нұсқаулықтарға сәйкес, мешіт қызметкерлерінің күн сайын дене қызуы арнайы құрылғымен тексеріліп отырады.
Респираторлық инфекцияның кез-келген белгілері бар (қызба, жөтел, жұлдыру, тыныс алу қиындықтары бар) діни қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Қызметкерлер медициналық маскамен, бір рет қолданылатын қолғаптармен және қолды зарарсыздандыруға арналған антисептиктермен толық қамтамасыз етіледі.
Мешітке келушілер үшін негізгі кіре берісте, санитарлық-гигиеналық объектілерде, ғибадат ететін бөлмелерде, жуынатын бөлмелерде және діни заттарды тарату орнында санитайзерлер орнатылған.
Қызметкерлер мен мешітке келушілер маска киюі керек
Намаз тек жеке-жеке оқылады, арада 1,5 метр қашықтық сақталады.
Діни-жоралғыға қатысушылардың саны 30 адамнан аспауы керек.
Мешітке келушінің уақыты шектеулі: 15-20 минутқа дейін.