Apple компаниясына 1 миллиард еуро айыппұл салды

16 Наурыз, 2020 118 0

АҚШ-тың Apple компаниясына Еуропада бəсекелестік ережесін бұзғаны үшін 1,1 миллиард еуро айыппұл салды, деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Бұл шешімді Францияның монополияға қарсы мекемесі (Autorité de la concurrence, ADLC) шығарды.

Сонымен қатар, Apple өнімін сатып алатын Tech Data (76,1 млн) мен Ingram Micro (62,9 млн) көтерме компаниясы да заң бұзғаны үшін айыппұл төлеуі тиіс. 

"Жазалаушы" мекеменің анықтауынша, аталған 3 компания сауда нарығында бір-бірімен бəсекелеспеуге келісіпті. Сонымен қоса, ресми өкілдеріне де осындай қадамға баруға үгіттеген. Осылайша, Applе заттарымен нарықта толтыра бермек болған.

Айта кетейік, жыл басында Лос-Анджелес соты Apple компаниясын 1,1 миллиард доллар айыппұл салған-ды. Ол кезде құзырлы орган Apple мен Broadcom компаниясын Wi-Fi технологиясының 4 бірдей потентін бұзғаны үшін айыпты деп тапқан. 

Тегтер: Apple, Айыппұл, Смартфон, Wi-Fi,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.