Жаңалықтар

Әнұран авторының туған жерінде не бар?

Ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды.

2013 жылдың 5 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округіндегі Жұмекен саябағына көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіші орнатылды.

Еліміздің Әнұраны авторларының бірі, туған жердің төл перзенті Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-мүсінінің ашылу салтанаты жүректі тебірентерлік айрықша қошыметпен басьалды. Ескерткіш алдына керілген лентаны қию құрметіне белгілі қоғам қайраткері, ғылым Ғарифолла Есім, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, Жұмекеннің ұлы Мағжан Нәжімеденов ие болды.

 2015 жылдың 23 желтоқсанында Атырау облысы Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округіндегі Орлы орта мектебін 1976 жылы бітірген түлектер елімізге танымал ақын, Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай туған жеріндегі ескерткіші жаңартылды. Осы жұмысты жүзеге асырағандар Әбдібек Бисенов, Қайыржан Қисамеденов, Бисенбай Харесов, Төребай Ғиылманов. Мектепті бітіріп кеткен түлектер өз күштерімен, қаражаттарына жасалған болатын.

Сол күні Атырауда Қазақстанның Әнұраны авторларының бірі, ақын Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш орнатылды. Ақынның төртметрлік мүсіні биіктігі осындай гранит тұғырға қондырылды.

Жүрегі Отаным, елім-жерім, Қазақстаным деп соққан қаламгер бар болғаны 48 жыл ғұмыр кешсе де, артына мол әдеби-рухани мұра қалдырған тұлға. Ақынның 80 жылдық мерейтойына орай биыл туған жері Атырау облысында 80-ге жуық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылған. Осы шаралардың қорытындысы ретінде облыс орталығындағы «Салтанат сарайының» алдына ақын Ж.Нәжімеденовке арналған ескерткіші (жалпы биіктігі 8 метр. Тұғырдың биіктігі 4 метр. Авторы Нұрлан Далбай.) қойылды.