Жаңалықтар

Гимн авторларына қаншалықты құрмет көрсетілді?

2010 жылдың 17 тамызында Шымкентте «Шәмші әлемі» ескерткіш кешені ашылды.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының бастамасымен жуырда әр өңірдің әкімдіктерге ресми жолдау жолданып, «Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік Гимннің авторларына қаншалықты құрмет көрсетілді?» деген сауал бойынша зерделеу жұмыстарын жасап, қорытындысын шығарған болатын. 

1983 жылы Алматыда Ж.Нәжімеденов қайтыс болған соң ғана,  1985 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан ақынның туған жеріне белгісі орнатылды.

2005 жылдың тамызында Түркістан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының алдында Ш.Қалдаяқовтың ескерткіші орнатылды.

Сонымен қатар, сол жылы Сарыағаш қаласында орналасқан «Қапланбек жоғары аграрлы-техникалық колледжінің» алдына қазақ вальсінің королі, атақты композиторы Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне бюсті бой көтерілді. Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер Ш.Қалдаяқов Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 1950 жылғы түлегі болған.

2010 жылдың 17 тамызында Шымкентте «Шәмші әлемі» ескерткіш кешені ашылды.

Бұл қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына орайластырылды. Қала орталығындағы гүлзарда орналасқан кешенде атақты сазгердің еңселі ескерткіші қойылған. Ескерткіштің авторы жергілікті мүсінші Әбдікерім Ахметов. Қоладан құйылып, тұғыры граниттен қашалған өнер туындысының биіктігі – 7 метр.  Ал алдыңғы жағында орналасқан жұлдыздар аллеясында осы оңтүстік өңірінен түлеп ұшқан өнер майталмандарының есімдері тасқа басылған.