«Арыстанның төсегіне ит жатпайды»
Жұбайлардың ақ төсегіне өзге ешкім жақындамауы тиіс.
Сұхбаттасушымыз батагөй ақсақал Ақмырза Батырқайыров қызықты оқиғаны айтып берді.
Бұл кезде ол әлі үйлене де қоймаған.
«1964 жылы жолшыбай бір үйге құдайы қонақ болып бара қалғаным бар. Үй иесі өзіммен шамалас азамат екен, жақында ғана шаңырақ көтергенін айтты. «Құдайы қонақ арнайы қонақтан бір саты жоғары» деп қазақы салтпен ет асып, құрмет көрсетті. Ал, кешкісін жатар уақытта «құрдас, өзіңе деген құрметім болсын, жатын орныма төсек салып беремін» дегені. Мен қарсы болдым. «Құрдастық құрметіңе рахмет. Бірақ, «арыстанның төсегіне ит жатпайды» деген сөз бар. Өз орындарыңа өздерің ғана жатыңдар. Жұбайлардың ақ төсегіне өзге ешкім жақындамауы тиіс» дедім. Осы қылығым үшін үй иесі мені одан бетер құрметтейтін болды. Ал, қазір қалай? Қонақтықта көріп жүрміз, ерлі-зайыптылар бөлмесінің есігі ашық тұрады» дейді ол.
Атамыз тағы бір сорақы жайтты естігенде жағасын ұстағанын айтады. Кім екені нақты есінде жоқ екен, министрлердің бірі мектепте мүшеқап тарату керектігін айтыпты.