Жаңалықтар

АҚШ-та Фетхуллаһ Гүлен қайтыс болды

Гюлен ауруханада қайтыс болды, өлім 20 қазан күні сағат 21:20-да расталды

Түркияда оған 2016 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Анкараның айтуынша, 2016 жылғы сәтсіз төңкерістің артында тұрған түрік қоғам әрі діни қайраткері Фетхуллах Гюлен 1990 жылдардың соңынан бері тұрып жатқан АҚШ-та қайтыс болды.

Гюленнің Хизмет қозғалысына қатысы бар әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға сәйкес, бұрынғы ислам уағызшысы Пенсильванияда 83 жасында қайтыс болды.

Оның жолдастарының Herkul.org порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Гюлен ауруханада қайтыс болды, өлім 20 қазан күні сағат 21:20-да расталды.

Айта кетелік, Гюлен көзі тірісінде Түркиядағы президент Режеп Тайып Ердоғаннан кейінгі ең ықпалды адам саналды. Ол дүние жүзінде миллиондаған жақтастары бар қуатты исламдық қозғалысты құра білді.

Ұйымға қатысты алғашқы іс 1999 жылы қозғалған. Айыптау қорытындысында Хизмет мүшелері мен оның жетекшісі Гюленге "конституциялық жүйені өзгерту және оның орнына исламдық принциптерге негізделген мемлекет құру мақсатында заңсыз ұйым құрды" деген айып тағылды.