Қырғызстанда кар көшкінінен көз жұмған алты адамның мәйіті табылды
Тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен
Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны және бір шетел азаматы 9 қазан күні тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз адам аман-есен табылған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сүйенсек, 18 қазанда Жалал-Абад облысының Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен 3 адамның денесі табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды.
Сондай-ақ, бүгін таңертең із-түссіз жоғалған қалған 3 адамның мәйіті табылды.