Семейде 13 жасар оқушыны ерлікпен құтқарған полицей жол апатынан көз жұмды
Көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапқан
Полиция мәліметінше, Омбы-Майқапшағай автожолында үш көліктің қатысуымен жол апаты орын алған. Оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов бар,- деп хабарлайды newsroom.kz
Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Семейде ер адам кішкентай қызды аңдып, оны құтқармақ болған полицейге үш рет пышақ сұққан болатын. 13 жасар қызды ерлікпен құтқарған Асхат Ахатов болатын. Ол қоян-қолтық ұрыс дағдыларын қолданып қаскөйдің пышағын тартып алған.
Полиция марқұмның жақындарына көңіл айтты.