Жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктер 19 қазан, сенбіде Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтілетінін айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +14 градусқа дейін көтерілсе, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болады.

Астана тұрғындарына да жауын-шашынсыз ауа райы уәде етілген. Күндіз ауа +11 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,8 м/с.

 Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр +22 градусқа дейін көтерілсе, түнде +5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болады.