Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкентте 18 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін көтеріліп, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн алабұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 1,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін аздаған бұлт шығады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін жетіп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.