Аймақтар

Аягөз тұрғындары жылусыз қалды

Тұрғындар кеш басталған жұмыстың зардабын шегудеміз дейді

Жергілікті халықтың айтуынша, кейбір мектеп, балабақшаларда жылу жоқ. Биыл қалада 4 шақырымға жуық жылу желілері жаңартылған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бірақ құрылыс күзге дейін созылған. «АСТ химпром» атты мердігер компаниямен 302 миллион теңгеге келісімшарт тамыз айында ғана жасалған.

Тұрғындар кеш басталған жұмыстың зардабын шегудеміз дейді. Қала әкімшілігі жылудың жоқтығына орталық қазандықтағы ақау себеп болғанын жасырмайды.

Айтуларынша, кемшіліктерді жойып, бүгіннен бастап барлық үйге жылу жіберіліп жатыр.