Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкентте 17 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қар және жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 17 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с деңгейінде болмақ.