Sportroom

Жақында Астана қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді

Тартысты додаға 80 мемлекеттен спортшылар қатысады

8-10 қараша күндері Астана қаласында самбодан Әлем чемпионаты болады. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағип спортшылар арасында самбодан өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Тартысты додаға 80 мемлекеттен спортшылар қатысады. 6-7 қараша күндері командалар аккредиттеуден өтіп, қонақүйлерге орналасады. Оқу-жаттығу жиыны 25 қазаннан бастап, жарыс басталғанға дейін елордада болады. Ал, оқу - жаттығу жиыны және дене дайындығы, спортшылардың күрестегі қабілеттерін тексеру чемпионат басталуына 1 ай қалғанда Алматы қаласында өтеді.

Бұл жарыстың басты ерекшелігі - алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбодан, сондай-ақ зағиптар арасында самбодан (SVI1 класы – мүлдем зағиптар) жарыстар болады. Сонымен қатар, Әлем чемпионаты 2025 жылы Чэнду қаласында өтетін дүниежүзілік ойындарға қатысу үшін соңғы іріктеу турнирі болмақ.

Айта кетелік, Чемпионаттағы жарыстар келесі салмақ дәрежелері бойынша өтеді: Спорттық самбо (ерлер): 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі, +98 келі. Спорттық самбо (әйелдер): 50 келі, 54 келі, 59 келі, 65 келі, 72 келі, 80 келі, +80 келі.