“Мекеме шығыны 10 млрд теңге”: Азық-түлік келісім шарт корпорациясы шығынға батты ма?
Компания елдегі бидай қорын бақылап,оның нарықтағы бағасын реттеумен айналысады
Шығынға батқан квазимемлекеттік компаниялар тізімі шықты. Минусқа кеткен пайдасыз кәсіпорындардың көшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бастап тұр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Жібек Жолы арнасына сілтеме жасап.
Мәліметтер бойынша мекеме шығыны 10 млрд теңге. Жалпы, компания елдегі бидай қорын бақылап,оның нарықтағы бағасын реттеумен айналысады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басты міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қорғау болатын. Бірақ компанияның өзі қазір көмекке зәру. Берер шегі 10 млрд-тан асады. Ал жыл басында корпорацияға 40 млрд теңге бөлінген.
-Қазір азық-түлік қамбалары астыққы толы. Мемлекеттік резервте 500 000 тонна. Өзімізге тиесілі бидай тағы бар. Жалпы сақтаулы тұрған көлем 1 млн тоннаға жуық. Жыл соңына дейін бас аяғы 2 млрд теңгеден астам өнім жиналады. Есеп-қисап бойынша арзандар тұрған бидай, қайта жаңа бағамен есепке алынады. Шығын деп тұрғанымыз осы,- деді “Азық-түлік” келісімшарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Мәліметтерге сүйенсек, мәселе мынада корпорация 2020-2021 жылдары Ресей банктерінен несиені рубльмен алған. Ізінше көрші елдің валютасы күрт қымбаттап кетеді. Кесірінен шығын 11,2 млрд теңге жеткен. Оған қоса дәл сол жылы бидайдың бағасы арзандайды.
- Қазір бидай нарығы арзан. Бірақ өнімнің азаятын кезі де бар. Біз сол уақытта қамбадағы өнімді қымбат бағаға сатамыз. Осылайша шығын деп жүрген есеп пайдаға айналуы мүмкін. Сондай-ақ біз фермерлерге пайызсыз қаржылай көмек көрсетеміз. Жеке компаниялар сияқты жұмыс істесек шығынға ұшырамас едік,- деді “Азық-түлік” келісімшарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.