Жаңалықтар

“Хутордың” өкілі делінген Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды

Ол Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінде 2 жылдан аса отырған

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ал Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат пен оның орынбасары Айбек Бидаевқа сөгіс жарияланды.

Айта кетелік, бұған дейін Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев Аслан Қасымбаевтың Хасанға туыстық қатынасын растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармаған еді.

Оның айтуынша, Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.

 Сондай-ақ, Аслан Қасымбаев "Хутор бандасының" басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы. Ол Талғар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметінде 2 жылдан аса отырған.