Жаңалықтар

"Хутор" туралы полицияның деректер базасында жоқ

Әленов бұл істің ерекше бақылауда екенін айтты

Талғар аудандық полиция бөлімі күдіктілердің кейбірі пробация қызметінің есебінде тұр деген қауесеттен кейін тергеу жүргізуге уәде берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

"Полиция дереу жұмысқа кірісті. Алдымен жеті айыпталушы, кейін тағы үш адам ұсталды. Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. "Хутор" тобы туралы дерекқорда жоқ. Қазір Шерзаттың әкесі пышаққа ұқсайтын затты ұстағаны бойынша сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Әленов.

Әленов бұл істің ерекше бақылауда екенін айтты. Сөзінше, қазір көптеген болжамдар мен сенімсіз ақпараттар кең таралып жатыр. Бұл тергеу тобының жұмысын қиындатады дейді. Жасырын тергеу жүріп жатыр екен. Бірақ жалған ақпарат ағынын тоқтату үшін бүгін брифинг өткізуді жөн көріпті.