Оңүстік Кореяда коронавирус індеті қайта өршіді

Оңүстік Кореяда коронавирус індеті қайта өршіді

ашық дереккөзі

https://youtu.be/ZtS2-H_q9Es ысалы, соңғы 3 күнде науқастардың саны күрт өсіп кетті, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі  «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Егер осы аптаның сейсенбісінде 19 адам вирус жұқтырса, сәрсенбі күні 40, ал бейсенбіде 79 адам індеттің ілмегіне ілінген. Бұл – соңғы екі айдағы рекордттық көрсеткіш. Жергілікті билік бүгін вирус жұқтырған науқастардың саны тағы 58 адамға артқанын хабарлады. Осылайша ел аумағы бойынша коронавирус дертіне шалдыққан тұрғындардың қатары 11 мың 402-ге жетті. 269 адам көз жұмды. Владислав Цой, тілші: – Вирустың ендігі ошағы Сеулден 20 шақырым жерде орналасқан Пучон қаласындағы Купанг логистикалық компаниясы. Мұнда 80-нен астам қызметкерге COVID-19  диагнозы қойылды. Компанияда барлығы 1600 адам жұмыс істейді. Айта кетейік, Купанг тұрғындарының басым көпшілігі тұрмысқа қажетті тауарды онлайн тапсырыс арқылы сатып алады. Эпидемиологиялық жағдайды тергеу кезінде мәлім болды, аймақта вирус жұқтырған бірінші науқас туған күн кешіне барған. Ал сол отырысқа індет тасымалдаушы яғни, вирус жұқтырған кісімен қарым-қатынас ұстаған мұғалім де келген екен. Дәрігерлер логистикалық орталықта санитарлық талаптардың сақталмағанын айтады. Мысалы, асханада компания қызметкерлерінің арақашықтығы жайында әңгіме айтуға келмейді. Вирус тасымалдауі мүмкін деген 4 мыңдай адам тестіден өтті. Оның нәтижесі бойынша 3 мыңға жуық қызметкердің вирус жұқтырмағаны анықталды. Қалғандарының нәтижесі әлі шыққан жоқ. Ким Ган Рип, Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру министрінің орынбасары: – Курьер қызметінің жұмысы мен қоймаларды жіті тексеретін боламыз. Барлық қызметкерлердің тізімін жасап жатырмыз. Олардың ішінде жарты күн істейтіндер де бар. Қазір ауру белгілері байқалған қызметкерлердің жұмысқа шықпауларын сұрадық. Жақында логистикалық компанияға қатысты карантин талаптарын  күшейтетін боламыз. Вирустың тағы бір ошағы – Сеулдегі колл орталығы. Онда 7 адам коронавирус жұқтырған. Қазір бұл компания жұмысын уақытша тоқтатты. Естеріңізге салайын, Оңтүстік Кореяда мамырдың 6-сы күні карантин шектеулері жеңілдетілген еді. Оған сәйкес аймақтағы көптеген компания жұмысын жандандырып, қоғамдық іс-шаралар қайта өткізіле бастады. Жуырда Кореяда мектептер де ашылды. Алайда Пучон мен Инчон қалаларында сабақтар басталмайтын болды. Сонымен қатар Сеул мен Кёнгидо провинциясында карантиннің шектеу шаралары қатаңдатылды. Көптеген жұмыс орны қызметкерлерін қайта қашықтан жұмыс істеуге жіберіп жатыр. Ал вирустың қайта өршуіне орай мамандар дерттен емделіп шыққандардан көмек сұрап отыр. Квон Чжун Ук, ауруды бақылау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары: – Науқастарды емдеу үшін бұрын осы аурумен ауырып емделіп шыққандардың қан плазмасын қолданамыз. Яғни, емделген адамдардың антиденелері мен иммуноглабулиндерін пайдаланамыз. Сондықтан бізге көмектесулеріңізді сұраймыз. Қанын тапсырамын дегендер кол орталығына хабарласыңыздар. Қазірдің өзінде  9 тұрғын қан тапсыруға келісімін беріп отыр. Дәрігерлер тұрғындарды арақашықтықты сақтап, маска тағып және санитайзерлерді қолдануға шақырады. Тіпті, киімді де зарарсыздандыру керек деп отыр. Өйткені індет ошағына айналған логистикалық орталықта жұмыс істейіндердің киімдері мен аяқкиімдерінде де вирус табылды. Ал оқшаулану тәртібін бұзғандардың қолына арнайы білезік тағылады. Сол арқылы адамның әр қозғалысы бақыланып отырады.  

Жүктелуде...