Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирде үндеу жолдады

16 Наурыз, 2020 97 0

Дүниежүзі бойынша коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан аумағында 16 наурыздан бастап 30 күнге созылатын төтенше жағдай деп жарияладым. Жағдайға байланысты созылуы мүмкін. Коронавирустың одан әрі таралмауы үшін және сақтық шараларын барынша сақтауымыз керек.
Азық түлік дүкендер өз жұмысын жалғастырады. Ал ойын-сауық, спорттық, мәдени шаралар, әртүрлі жиындар өткізілмейді. Оқушылар демалысқа жіберілді. Жоғары оқу орындары студенттері қашықтықта білім алуға көшті. Отандастарымызға отбасылық, әртүрлі мерекелерді тойламауға шақырамын.
Үкімет қорынан қажетті жағдайларға қаражат бөлінді. "Сақтанғанды құдай сақтайды". Бұл уақытша дүрбелең, осы уақыттан абыроймен өтуіміз керек. Осындай кезде сабыр сақтап, барынша бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Негізсіз, дерексіз ақпарат таратылмауы тиіс. Дүрбелең тудыруға жол берілмейді. Жаһандық пандемияға жұдырықтай жұмылып, жеңіп шығуға шақырамын. Береке мен бірлік бәрін жеңеді.
Бұл жағдайға әр адам жауапкершілікпен қарап, денсаулық сыр бере бастаған кезде, дер кезінде хабар медициналық орталықтарға хабар беруі керек. Барлық медициналық орталықтар қажетті медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған. 
Жағдайды пайдаланып дүрбелең тудырған адам заң алдында жауап береді.
Құрметті небір қиындықтан өткізген халықпыз. Біз біргеміз"-деді президент.

Тегтер: Қасым-ЖомартТоқаев, Үндеу, Коронавирус,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.