Жаңалықтар

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында жауын жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 15 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,7 м/с болады.

Шымкентте бүгін жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.