Жаңалықтар

Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде нөсер жауын жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 14 қазанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болмақ.

Астанада да, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін жетіп, түнде -9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,3 м/с болады.

Шымкентте бүгін нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с деңгейінде болмақ.